«Алтайға» ПСЖ-ның түлегі ауысты
«Алтай» футбол клубы Мохаммед Ламане Диаррамен келісімшартқа отырды. <br />
Бұл туралы батысқазақстандық ұжымның баспасөз-қызметі хабарлады.
Диаррамен келісімшарт бір жылға жасалды.
Мохамеддтің екі азаматтығы бар: франциялық және гвинеялық. 24 жастағы футболшы орталық қорғаушы амплуасында өнер көрсетеді. Гвинея құрамасы сапында 11 кездесу өткізген екен.
Ламане Диарра – «Пари Сен-Жермен» футбол мектебінің түлегі. Париждік клубтың қосалқы командасында 50 ойын өткізіп, 5 гол соққан болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или