«Ливерпуль» мен «Челси» тең тарқасты

«Ливерпуль» мен «Челси» тең тарқасты

Англия чемпионатының 23-турында «Ливерпуль» «Челсиді» қабылдады.

«Энфилд» стадионында өткен кездесу тең аяқталды – 1:1.

24-минутта қонақтардың қорғаушысы Давид Луис есеп ашса, «Ливерпуль» 57-минутта Жоржиньо Вейналдумның көмегімен таразы басын теңестіре алды.

«Челси» ойыншылары есепте тағы да алға шығу мүмкіндігін пайдаланған жоқ – Диего Коста пенальти соға алмады.

Осы ойыннан соң «Челси» көш басындағы орнын сақтап қалды, ал «Ливерпуль» төртінші орында келеді.

Англия чемпионаты. 23-тур <br />«Ливерпуль» — «Челси» — 1:1 <br />Голдар: Луис, 24 (0:1). Вейналдум, 57 (1:1). <br />Орындалмаған пенальти: Коста, 76 (қақпашы).

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или