«Валенсия» «Астанаға» ақша төлеуден бас тартты
Сербиялық жартылай қорғаушы Неманья Максимович «Астана» клубында 2017 жылдың маусым айына дейін қалады.

Неманья Plaza Deportivo басылымына берген сұхбатында испаниялық «Валенсия» қазақстандық клубқа 300 мың еуроны төлемейтінін айтты. Максимович «Астанада» келісімшартын маусым айына дейін өтеп, командамен қош айтысады.

Испаниялық клубпен сербиялық қаңтар айында келісімшартқа отырған. Оның мерзімі 2021 жылда аяқталады. Айта кетер жайт, футболшы қалауы бойынша келісімін тағы бір жылға ұзарту мүмкіншілігіне ие. Футболшы осы аралықта 7 миллон еуро табыс көреді.

Естерінізге салайық, 21 жастағы Максимович «Астана» футбол клубында 2015 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Екі жыл аралығында ол екі дүркін Қазақстан чемпионы және ел кубогын ұтып алды. 2015 жылы Сербия жастар құрамасымен әлем чемпионы атанды. Ал өткен маусымда Сербия ұлттық құрамасында алғашқы кездесуін өткізді.

Айта кетейік, ҚПЛ Неманья 54 ойында 9 гол соғып, 6 нәтижелі пас авторы атанды.