Дибала Испанияда ойнағысы келеді
Туриндік «Ювентус» клубының шабуылшысы Пауло Дибала маусым соңында өзінің қазіргі командасынан кетуді жоспарлап отыр.
Аргентина құрамасының ойыншысы спорттық мансабын Испания командаларының бірінде жалғастырғысы келеді.
Бұдан бұрын испаниялық басылымдар Дибалаға «Реал» клубы қызығушылық танытып отырғанын жазған болатын.<br />Корольдік клубтың президенті Флорентино Перес Дибала болашақта Мессидің деңгейіндегі ойыншы боларына сенімді. Сондықтан да Перес Дибала үшін кез келген ақшаны төлеуге дайын. Алайда, туриндік клубтың басшылығы Дибаланы командадан жібергісі жоқ.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или