«Интер» қытайлық клубтан австралиялық қорғаушыны жалға алды

«Интер» қытайлық клубтан австралиялық қорғаушыны жалға алды

«Цзянсу Сунин» клубының қорғаушысы Трент Сайнсбери «Интер» ойыншысы атанды, деп хабарлайды миландық клубтың баспасөз қызметі.

Жаңа клубта қорғаушы маусым соңына дейін жалда өткізеді.

Австралиямен қатар Ұлыбритания азаматтығы бар Трент Сайнсбери қытайлық клубқа Голландияның «Зволле» клубынан ауысқан болатын. Былтырғы маусымда ол Қытай біріншілігінде 29 ойынға қатысып екі гол соққан.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или