Эдгардо Бауса: «Месси мен Икарди арасында кикілжің жоқ»

Эдгардо Бауса: «Месси мен Икарди арасында кикілжің жоқ»

Аргентина құрамасының бас бапкері Эдгардо Бауса Лионель Мессидің «Интер» ойыншысы Мауро Икардиді ұлттық құрама қатарына шақыруға тиым салды деген алып қашпа әңгімені жоққа шығарды.

<br />«Көп адамдар өздері білмейтін дүниені айтуға құмар. Мен Мессиден және құраманың өзге ойыншыларынан Икардимен араларында кикілжің бар жоғын сұрадым. Бәрі бір ауыздан Икардимен араларында ешбір алауыздық жоғын жеткізді. Егер болған жағдайдың өзінде олар түсініспеушілікті көзбе – көз отырып шешіп алар еді.

Мен сіздермен ашық болғым келеді. Сондықтан сіздерге де Дзанеттиге айтқан сөзімді айтайын: Мен Еуропаға Икардидің ойынын бақылауға келдім», — дейді Эдгардо Бауса.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или