Франция Еуропа чемпионатынан 1,2 миллиард еуро пайда тапты
2016 жылғы Еуропа чемпионатынан Франция 1,2 миллиард еуродан артық пайда көрді. Бұл туралы УЕФА-ның ресми сайтына сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлады.
<br />Лимож университетінің Спорт құқығы және экономикасы орталығы мен KENEO агенттігі бірлесе жүргізген зерттеулер барысында Еуропа чемпионаты кезінде Франция экономикасына 1,22 миллиард еуро құйылған.
<br />Еуро-2016 финалдық додасына алғаш рет 24 құрама қатысып, Еуропа чемпионаты кезінде Франция қалаларында әрбір құраманың ойыншылары, бапкерлері, әр түрлі саладағы қызмет көрсетушілері, әр елдің ресми тұлғалары, сондай-ақ 613 мың көрермен мейман болған.
<br />Шетелдік қонақтар орта есеппен Францияда 7, 9 күн болып, күніне 154 еуродан шығындаған. Жалпы, Еуропа чемпионатына келген қонақтар осы елде барлығын қосқанда 625,8 миллион еуро ақшалай қалдырған. <br />Еуропа чемпионатына дайындалған кезде Франция экономикасынан 200 миллион еуро жұмсалған екен.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или