«Атыраудың» футболшысы АҚШ-қа қарсы ойнады
Кеше Сан-Диего қаласында АҚШ пен Сербия құрамалары жолдастық кездесу өткізді.
Бұл кездесуге Сербия құрамасының бас бапкері Славолюб Муслин көбінде жергілікті чемпионатта өнер көрсететін ойыншыларды шақырды. Жақында ғана «Атырауға» ауысқан Йован Джокич кешегі ойында негізгі құрамда алаңға шықты. Ал кездесу 0:0 есебімен тең аяқталды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или