Франция чемпионатының орталық матчы тең аяқталды
Франция чемпионы ПСЖ ел біріншілігінің кезекті турында «Монаконы» қабылдады.
Унаи Эмеридің командасы турнир кестесінде көш бастаған Леонарду Жардимнің ұжымын жеңе алмады. Матчтың 82-ші минутында Эдинсон Кавани пенальтиден таблода есеп ашқан болатын. Алайда ойынның аяқталуына санаулы минуттар қалғанда Бернарду Силва таразы басын теңестіріп кетті.
Осылайша, «Монако» Франция чемпионатының көш басында қалды. ПСЖ болса үшінші орында келеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или