Роман Мұртазаев: «Маған ең маңыздысы – команданың жеңісі»
«Астананың» шабуылшысы Роман Мұртазаев елордалық клубтың баспасөз-қызметіне «Ригамен» өткен ойын және Дубайдағы ОЖЖ туралы айтып берді.
- Жаңа жылдағы бірінші ойынымыз болды. Сондықтан кішкене қиналдық. Қуанышымызға орай, жақсы ойын көрсетіп, жеңіске жеттік.
- Бүгін гол соға алдың. Бұл доп сен үшін қаншалықты маңызды?
- Маған маңыздысы - команданың жеңісі. Әрине, шабуылшы болған соң, гол соққаныма қуанамын. Бірақ бір орында тоқтап қалмай, ары қарай да көп еңбек етуіміз керек. Бұның бәрі жолдастық ойындар. Жаңа маусымға толықтай дайын болу үшін әлі де көп жаттығуымыз қажет.
- Стойлов жаттығуларының айырмашылығы неде?
- Әр бапкердің өз әдісі бар. Бірінші оқу-жаттығу жиынның маңызы зор.
- Келесі ойын - Азия чемпиондар лигасының жеңімпазы «Чонбук Хендаймен». Бұл команда жайлы не білесің?
- Мұндай мықты командаға қарсы ойнау біз үшін қызық болмақ. Өз күшімізді тексереміз.