Дмитрий Шомко: «Капитан болу үлкен құрмет және жауапкершілік»

Дмитрий Шомко: «Капитан болу үлкен құрмет және жауапкершілік»

«Астананың» қорғаушысы Дмитрий Шомко елордалық клубтың баспасөз-қызметіне «Ригамен» өткен матч және БАӘ-дегі ОЖЖ туралы айтып берді.

- Ойын тізгінін өз қолымызда ұстадық. Қорғаныста өте мұқият ойнадық, «Ригаға» гол соғатын мүмкіндік бермедік. Сондай-ақ, шабуылда өз сәттерімізді ұтымды пайдаландық.  

- Команданы капитан ретінде алаңға шығардың...

- Мен үшін бұл үлкен құрмет және жауапкершілік. Мені капитан қылдырғаны үшін бапкерлік құрамға алғыс айтамын.

- Келесі ойында Азия Чемпиондар лигасының жеңімпазы «Чонбук Хендамен» күш сынасасыздар. Бұл матчқа дайындық қалай?

- Мұндай қарсыласпен ойнау біз үшін қызық болмақ. Менің ойымша, бұл өте қызық ойын болады.

- Жалпы БАӘ-дегі оқу-жаттығу жиын қалай өтуде?

- Бәрі ойдағыдай өтуде. Дубайда төртінші рет ОЖЖ өткізудеміз, барлығы жоспар бойынша. Маусымға тыңғылықты дайындалудамыз.

- Командаға бірқатар жаңа ойыншылар қосылды. Олар туралы не айта аласың?

- Қазақстандық ойыншыларды бұрыннан білемін. Ұлттық құрамада бірге өнер көрсетеміз. Лулакудың шебер ойыншы екені көрініп тұр. Маевский клубқа енді ғана қосылды. Ол да өзін мықты қырынан көрсетеді деген ойдамын. Бұл ойыншылардың бәрі біздің командамызды күшейтіп, Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шығуға көмектеседі деген үміттемін.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или