Қақпашы 30 секунд ішінде екі пенальти қайтарды
Лондондық «Фулхэмнің» қақпашысы Маркус Беттинелли 30 секунд ішінде екі пенальти қайтарды. Бұл матч Англия кубогының 1/16 финалы аясында өткен болатын.
87-ші минутта «Халл Сити» Абель Эрнандес он бір метрлік айып добын тепкен. Бірақ қақпашы оны қайтара алды. Шабуылшы қайта серпілген допқа бірінші жетіп, қақпаға бағыттар сәтте Бетиннелли тағы да ереже бұзып, төреші екінші пенальти қойған.
Эрнандес екінші рет пенальти тебуге мүмкіндік алды. Дегенмен лондондықтардың қақпашысы тағы да допты қайтарып, қақпасын аман сақтап қала алды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или