Кабананга Африка кубогымен қош айтысты

Кабананга Африка кубогымен қош айтысты

«Астана» ФК шабуылшысы өнер көрсететін Конго ДР құрамасы Габонда өтіп жатқан Африка ұлттар кубогындағы жорығын аяқтады.

Ширек финалдық кездесуде Конго ДР құрамасы Гана құрамасынан 1:2 есебімен жеңілді. Ойынның 63-ші минутында пенальтиден ганалық Джордан Айю есеп ашса, араға 5 минут салып конголық Поль-Жозе Мпоку есепті теңестірді. Ал кездесудің 78-ші минутында ганалық Андре Айю нәтижені қорытындылады. Кабананга бұл ойында толық тоқсан минут өнер көрсетті.

Жартылай финалда Гана құрамасы Буркина-Фасо командасымен күш сынасады. Айта кететін жайт, Буркина-Фасо құрамасында қазақстандық «Ертіс» клубыңың бұрынғы ойыншысы Аристид Бансе өнер көрсетеді. Ал Мысыр - Марроко жұбының жеңімпазы жартылай финалда Камерунмен ойнайды.

Естеріңізге салайық, Кабананга топтық кезеңде Конго сапында 3 гол соғып, сұрмергендер көшін бастап тұр. Астаналық футболшы Африка ұлттар кубогының топтық кезеңдегі символикалық құрамсына енді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или