АПОЭЛ Каньяспен келіссөз жүргізіп жатқанын растады
Кипрлік АПОЭЛ «Астананың» жартылай қорғаушысы Рохер Каньяспен келіссөз жүргізіп жатқанын растады.
Осыған дейін колумбиялықтың жарты жылға жалға берілетіні жайлы ақпарат шыққан болатын. Кипрлік БАҚ-тың хабарлауынша, АПОЭЛ «Астанамен» келісімге келген. Келісімшартта трансфер құқығын сатып алу жайлы бөлімнің болатыны белгілі болды.
«Сағат 14:00-де біздің клубпен келіссөз жүргізу үшін Кипрге Рохер Каньяс ұшып келді», - деп жазды АПОЭЛ-дің ресми твиттері.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или