Жанарбек Әшімжан 5 ойынға шеттетілді

Жанарбек Әшімжан 5 ойынға шеттетілді
БАҚ Лиганың 7-ші турында «Қаламгер» мен Prosports командасы кездескен. Бірінші таймның 3-ші минутында Prosports-тың жураналисі Дулат Кәрібаевке қарсы ойын ережесі бұзылды. Артынша жанжал туындап «Қаламгер» капитаны Жанарбек Әшімжан спорттық қағидаға сай емес әрекет жасаған. Нәтижесінде бас төреші қос ойыншыға қызыл қағаз көрсетті. 
 
Ұйымдастырушылар комитеті «Қаламгер» ойыншысы Жанарбек Әшімжанды 5 ойынға шеттетіп, Дулат Кәрібаевті 1 ойынға жарыстан аластатты. 
 
Ойынның нәтижесі тіркеліп, нәтижесі өзгеріссіз қалды. Естеріңізге салайық, «Қаламгер» - Prosports ойыны 2:1 есебімен аяқталған.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или