Қырғыз қызының жеңісі, Ковбойдың жеңілісі және Арловскидің сәтсіздігі
Ережесіз жекпе-жектен UFC on Fox 23 турнирі әдемі нокауттарға бай болды.
Аса ауыр салмақ дәрежесінде жұдырықтасатын беларусьтік Андрей Арловский камерундық Фрэнсис Нганнумен кездесіп, небәрі бірінші раундта нокаутпен жеңілді. Африкалық файтер «Питбульдің» қорғаныстағы қателігін пайдаланып, қарсыласын тізе бүктірді.
Жартылай орта салмақ дәрежесіне ауысқалы бері ешкімнен жеңілмеген америкалық Дональд Серроне күтпеген жерден отандасы Хорхе Масвидальдан жеңіліп қалды. «Ковбой» қарсыласының соққыларына төтеп бере алмай, кездесуді ерте аяқтауға мәжбүр болды.
Ал UFC on Fox 23 турнирінің басты жекпе-жегінде қырғызстандық Валентина Шевченко америкалық Джулианна Пенаны сабмишн әдісімен жеңді. Осылайша, қырғыз қызы енді UFC чемпиондық титулы үшін бразилиялық Аманда Нуньеспен қарымта кездесу өткізеді. Естеріңізге сала кетсек, қос файтер арасындағы бірінші жекпе-жекте Нуньес ұпай шешімімен жеңіске жеткен болатын.