Садио Мане Сенегалды жартылай финалдан айырды

Садио Мане Сенегалды жартылай финалдан айырды

Африка ұлттар кубогының ширек финалында Камерун мен Сенегал құрамалары кездесіп Камерун жеңіске жетті.

Кездесудің негізгі уақытында да, экстра таймда да гол соғылмай жеңімпаз пенальти сериясында анықталды. Камерун құрамасынан пенальти тепкен бес ойыншы да өз мүмкіндіктерін сәтті пайдаланса, Сенегал қатарынан Садио Мане мүлт кетті.

Бұдан бұрын жартылай финалға Буркина-Фасо құрамасы шыққан болатын.

Ширек финалдың қалған екі кездесуі ертең өтеді. Конго ДР мен Гана, Мысыр мен Марокко құрамалары жартылай финал жолдамасына таласады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или