«Хоффенхайм» маусымда алғаш рет ұтылды

«Хоффенхайм» маусымда алғаш рет ұтылды

Еуропаның топ біріншіліктерінде биылғы маусымда ұтылмаған жалғыз команда болатын. Ол – немістің «Хоффенхайм» клубы еді.

Күні бүгінге дейін 17 тур бойы жеңілістің кермек дәмін татпай, азулы деген қарсыластың барлығынан ұпай алып келе жатқан «Хоффенхайм» Германия чемпионатында алғаш рет ұтылды. «Хоффенхайм» клубының жеңіліссіз сериясын тоқтатқан команда да осалдардың қатарынан емес. Биылғы маусымда «Баварияға» бәсекелес болып жүрген бундеслиганың дебютанты - «Лейпциг».

«Ред Булл Аренеда» өткен Германия чемпионатының 18-ші турының орталық кездесуінде есепті бірінші болып қонақтар ашты. Қарымта шабуыл кезінде өз мүмкіндігін ұтымды пайдаланған Надем Амири болатын. Өздерінің қиял-ғажап ертегі іспеттес маусымын өткізіп жатқан  «Лейпциг» командасы қақпаларына гол жіберіп алса да салдары суға кетпей, араға жиырма минут салып есепті теңестіріп кетті. Гол авторы  - Тимо Вернер. Бұл оның осы маусымда соққан он бірінші голы. Екінші таймда «Хоффенхайм» ойыншысы Сандро Вагнер командаластарын қиын жағдайда қалдырып, екінші сары қағазын алып, алаңнан қуылды. Он ойыншымен қалған «Хоффенхайм» тең есепті ұстап қалуға тырысқанымен қолдарынан келмеді. «Лейпциг» ойыншысы Марсель Забитцер соққан гол командасына жеңіс әкелді. Осылайша «Хоффенхаймның» жеңіліссіз сериясына нүкте қойылды.

Ал «Лейпциг» болса 18 ойыннан кейін 42 ұпай жинап, турнир кестесінде екінші орынын нығайта түсті. Алда тек үш ұпай артық жинаған «Бавария» ғана.

«РБ Лейпциг» - «Хоффенхайм» - 2:1 (1:1)

Голдар:Вернер 38, Забитцер 77 – Амири 18.

Ескерту алғандар: Амири 25, Поульсен 35, Комппер 85, Салаи 89, Хюбнер 90, Зельке 90+2.

Алаңнан қуылды: Вагнер 60.

«РБ Лейпциг»: Гулачи, Комппер, Орбан, Хальстенберг, Бернардо, Ильзанкер, Забитцер, Кейта (Кайзер 90+1), Демме, Поульсен (Зельке 73), Вернер (Хедира 90+3).

«Хоффенхайм»: Бауманн, Кадержабек, Зюле, Хюбнер, Руди, Фогт (Шер 46), Цубер, Демирбай, Амири (Салаи 76), Вагнер, Крамарич (Ут 63).

3cd090f2e87089acc1c7b49a7e093284.jpg

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или