«Байер» екі доп айырмашылығымен ұтып тұрып жеңіліп қалды
Германия чемпионатының 18-ші турында «Байер» өз алаңында менхенгладбахтың «Боруссиясын» қабылдап ұтылып қалды.
Алаң қожайындары үшін ойын сәтті басталған. Тіпті олар кездесудің бірінші таймында екі гол айырмашылығымен ұтып жатқан. Алайда, қонақтар кездесудің екінші жартысында үш доп соғып жеңісті жұлып алды. Бұл ойыннан кейін «Байер» турнирлік кестеде сегізінші, «Боруссия» он үшінші орынға тұрақтады.
«Байер» - «Боруссия» (Менхенгладбах) – 2:3 (2:0)<br />Голдар:Та 31, Эрнандес 34 – Штиндль 52, Штиндль 58, Раффаэл 71.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или