«Алтай» футбол клубына жаңа бапкер келді

 «Алтай» футбол клубына жаңа бапкер келді

Болгариялық маман Илиан Илиев «Алтай» футбол клубының бас бапкері қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі.

Илиан Илиев ұзақ жылдар (9 жыл) Болгария ұлттық құрамасын баптаған. «Черно море», «Берое», «Левски» және «Локомотив» клубтарында қызмет еткен. Өзі де кезінде футбол ойнаған.  «Бенфика» мен «Маритимо» клубтарында өнер көрсеткен. Болгария ұлттық құрамасы үшін 35 ойынға қатысқан.

«Алтай» футбол клубы биыл алғаш рет Қазақстан премьер лигасында ойнайтын болады.

33eeb8fa7cd7165c4e7266bfa59994e6.jpg

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или