Роман Мұртазаевтың қос голы «Астанаға» жеңіс әкелді
«Астана» ойыншылары 2017-ші жылдағы алғашқы ОЖЖ кезіндегі бірінші жолдастық кездесуін өткізді.
Станимир Стойлов командасының қарсыластары латвиялық «Рига» командасы болды. Ойын 2-0 есебімен қазақстандық команданың жеңісімен аяқталды. «Астана» қатарынан қос голды да осы маусымда командаға жаңадан келген Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Роман Мұртазаев соқты.
БАӘ-де жаттығу жиынын өткізіп жатқан «Астана» келесі жолдастық кездесуін Азия чемпиондар лигасының былтырғы жеңімпазы кореялық «Чонбук Хендай» клубына қарсы өткізеді. Кездесу 31-ші қаңтарға жоспарланған.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или