Усейн Болт Олимпиада медалін қайтарып берді
Ямайка құрамасындағы серіктесі Неста Картердің допинг-сынамасы оң нәтиже беруі салдарынан спринтер Усейн Болт 2008 жылы Бейжіңде өткен Олимпиада ойындарында 4 спортшының 100 метрлік эстафетасында жеңіп алған алтын медалін қайтаруға мәжбүр болған. Бұл туралы Болттың өзі мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Әрине, медалімді қайтаратыным маған ұнамады, алайда бұл Халықаралық олимпиада комитетінің (ХОК) талабы. Сондықтан мен медальді қайтардым», - деп атап өтті спортшы.
Бұрын, 25 қаңтар күні Картердің сынамасынан туринабол анаболиялық стероиды табылды. Салдарынан Ямайка құрамасының барлық мүшелерінен марапаттары алынды.
Болт үш Олимпиадада - 2008 жылы Бейжіңде, 2012 жылы Лондонда және 2016 жылы Риода барлығы тоғыз алтын медаль жеңіп алған.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или