Кабананганың агенті: «Қытайдан ұсыныс түсті»
«Астананың» шабуылшысы Джуниор Кабананганың агенті Фабио Бальо басқа клубтардан түсіп жатқан ұсыныстар жайлы айтты.
Естеріңізде болса, Кабананга Африка ұлттары кубогының топтық кезеңіне үш гол және бір нәтижелі паспен көзге түсіп, өз құрамасын плэй-оффқа алып шыққан болатын. Осылайша, ол түрлі клубтардың скауттарын өзіне қаратты.
«Менің телефоныма маза жоқ. Қытайдан және басқа да жерлерден ұсыныстар бар. Бельгия? «Андерлехт» болса да, ауысудың керегі жоқ», - деді Бальо.
Кабананга «Андерлехтте» 2010-2013 жылдар арасында ойнаған, бірақ көбіне жалға беріліп жүрді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или