Алешандре Патоның Аксель Витсельдің командаласы атануы мүмкін

Алешандре Патоның Аксель Витсельдің командаласы атануы мүмкін

«Вильярреал» бас бапкері Фран Эскриба команда шабуылшысы Алешандре Патоның Қытай біріншілігіне ауысуы мүмкін деген сыбысты растады.

Бас бапкердің сөзінше, 27 жасар бразилиялық үшін Қытай тарапынан жақсы ұсыныстар түсіп жатан көрінеді. Бұл ұсыныс клуб үшін де ойыншы үшінде тиімді. Кейбір ақпарат көздері Патоға құда түсіп отырған клуб «Тяньцзинь Цюаньцзянь» екендігін жазуда. Естеріңізде болса бұл клубқа бірнеше уақыт бұрын Аксель Витсель ауысқан болатын.

Сондай ақ, Пато «Вильярреалдан» кетіп жатқан жағдайда командаға «Эспаньолдан» Фелипе Кайседо  келуі мүмкін.

Биылғы маусымда Пато 14 ойынға қатысып екі гол соққан.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или