Қытай трансферге жұмсаған қаржы бойынша бесінші орынға шықты

Қытай трансферге жұмсаған қаржы бойынша бесінші орынға шықты

2016–шы жылы Қытай клубтары трансферге 2015-ші жылмен салыстырғанда екі жарым есе көп қаржы жұмсаған.

Сәйкесінше, олар 2015-ші жылы 168 млн доллар жұмсаса, биыл 451.3 млн долларға шығындалған. Бұл көрсеткіш бойынша олар Англия, Германия, Испания және Италия сынды футбол алпауыттарын ғана алға жіберіп бесінші орынға жайғасқан.

2016-шы жылы клубтар трансферге 4.79 млрд доллар жұмсаған. Бұл 2015-ші жылмен салыстырғанда 14.3 пайызға жоғары. <br />Бүкіл әлем бойынша 2016-шы жылы 14 591 трансфер орын алған деп болжануда. Ал 2015-жылы бұл сан 13601-ді құраған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или