Асхат Тағыберген: «Жарақатымнан толық жазылдым»

Асхат Тағыберген: «Жарақатымнан толық жазылдым»

Өткен маусымның соңында жарақат алып, маусымның біраз бөлігін жіберіп алған Астан ФК жартылай қорғаушысы Асхат Тағыберген оқу-жаттығу жиыны және командаға келген жаңа ойыншылар туралы клубтың баспасөз бөліміне өз ойымен бөлісті:

- Дубайдағы оқу-жаттығу жұмыстары тамаша өтуде. Алдағы маусымға толыққанды дайындық жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Команда ішіндегі көңіл-күй де тамаша.

- Өткен маусымның соңында жарақат алып қалған болатынсың. Қазіргі жағдайың қалай? Жарақатыңнан толық айыға алдың ба?

- Шынымен де мен үшін өткен маусымның соңы өте ауыр болды. Алайда, маусым соңында жеткен жетістіктеріміз оның бәрін ұмыттырды. Қазір жағдайым жақсы. Жарақатымнан толықтай жазылдым деуге болады. Командамен толық құрамдағы жаттығу жұмыстарына кірісіп те кеттім.

- Команда сапына қосылған жаңа ойыншылар туралы не айтасың?

- Командамызға келген жаңа ойыншылардың барлығы өз ісінің шеберлері. Бұйырса, бірге жаттығу жұмыстарын жасап, алаңда да, өмірде де тіл табысып кетеміз деген сенімдемін. Ең бастысы команданың жетістіктеріне өздерінің елеулі үлестерін қосады деген ойдамын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или