Достастық кубогы қайта өткізілуі мүмкін
2016 жылдың басында жабылған Достастық кубогы Әзірбайжанда қайта жандандырылады, деп хабарлайды «Известия» басылымы.
Дереккөздің айтуынша, Әзірбайжан футбол ассоциациясы Ресей футбол кеңесіне халықаралық турнирді өткізу құқығын беру жайлы ұсыныс жасаған. Айта кететін жайт, бұл турнир РФК мен ФИФА қамқорлығымен өтетін жарыс.
РФК президенті Виталий Мутко турнирді жаңарту жайлы өз пікірімен бөлісті.<br /><br />- Достастық кубогын жандандыру мәселесі басты мақсатымыздың бірі. Жақында ғана бұл мәселені УЕФА-ның басшысы Александр Чефериновпен талқыладық. Қазіргі таңда турнирді жандандырудың бірнеше жолы бар. Кеңестер одағының топ клубтар ойнайтын форматына қайта көшеміз және манежден бас тартып табиғи шөпте ойнаймыз.(бұған дейін Мәскеудің манеждері «Олимпийский» СК, ЦСКА ЛФК және петербордық СКК-да өтетін). Турнир тарихи қаңтар айында өткізілетініне байланысты оңтүстікке ауысуды жөн деп шештік. Мүмкін жаңа мекеніміз Сочидегі «Фишт» алаңы болады. Ал тағы бір шешім турнирді Әзірбайжанға ауыстыру. ӘФФА-ның ұсынысы коммерциялық және ұйымдастыру жағынан да ұтымды болып тұр.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или