Иван Маевский: «Астанамен» Қазақстан чемпионатын жеңгім келеді»

Иван Маевский: «Астанамен» Қазақстан чемпионатын жеңгім келеді»

«Астананың» беларусьтік жаңа ойыншысы Иван Маевский елордалық клубтың баспасөз-қызметіне сұхбат берді.  

- «Анжимен» келісімшартты бұзған соң, «Астананың» өкілдері маған ұсыныс жіберді. Көп ойланбастан келістім, себебі елордалық команда соңғы екі маусым бойы еурокубоктардың топтық кезеңінде ойнады. Қатарынан үш жыл Қазақстан чемпионы атанды.

- Бұған дейін командада біреумен таныс болдың ба?

- Игорь Шитовпен таныспын, Беларусь құрамасында бірге өнер көрсетеміз.  

- Клубта сені қалай қарсы алды?

- Команда мені жылы қарсы алды. Маған бәрі ұнады. Мұндай ұжымға қосылғаныма қуаныштымын. Бас бапкердің барлық нұсқауын орындап, «Астанаға» пайдамды тигізгім келеді.

- Бас бапкермен сөйлестің бе?

- Станимир Стойловпен сөйлестім. Бірақ менің алаңдағы орным жайлы әңгіме әлі қозғаған жоқпыз. Алдағы уақытта көрерміз. Ең бастысы, команда мені өз қатарында көргісі келді.  

- «Астана» жиындағы келесі кездесуін «Ригаға» қарсы өткізеді. Бұл команда жайлы не білесің?  

- Латвия чемпионатында өнер көрсететінін білемін. Былтыр бесінші орын алыпты.

- «Астанада» өз алдына қандай мақсат қоясың?

- Өз алдыма тек жоғары мақсат қоямын. Негізгі мақсатымыз - Қазақстан чемпионатын қайта жеңіп, еурокубоктардың топтық кезеңіне шығу.

 

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или