«Барселона» - Испания кубогының жартылай финалында
Луис Энрикенің командасы ширек финалда «Реал Сосьедадтан» айласын асырды.
Екі матчтың қорытындысы бойынша каталондықтар 6:2 есебімен жеңіске жетті. «Камп Ноуда» өткен ойын 5:2 есебімен аяқталды. Денис Суарес дубль жасаса, Месси, Луис Суарес және Арда Туран бір-бір голдан соқты. «Реал Сосьедад» сапында Хуанми және Жозе көзге түсті.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или