Бруно Соарес «Қайратта» қалғысы келетінін айтты
«Қайраттың» бразилиялық қорғаушысы Бруно Соарестің тағдыры алдағы уақытта шешіледі.
- Алматыда клуб басшылығының шешімін күтіп отырмын. Өзбасым «Қайратта» қалғым келеді. Маған қолдау көрсеткен жанкүйерлеріме көп алғыс айтқым келеді, - деп жазды «инстаграмда» Соарес.
Естеріңізге сала кетсек, «Қайрат» тәртіп бұзғаны үшін Бруно Соарес пен Герсон Асеведоны жаттығулардан алыстатқан болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или