АҰК-ның ширек финалына шыққан барлық команда белгілі болды

АҰК-ның ширек финалына шыққан барлық команда белгілі болды

Африка ұлттар кубогының топтық кезеңі аяқталып ширек финалға шыққан барлық команда белгілі болды.

Осы қазір ғана D тобындағы ойындар аяқталып Мысыр құрамасы өз тобында бірінші орын иеленді. Олар топтағы соңғы кездесуінде Гана құрамасын 1-0 есебімен жеңді. Ойындағы жалғыз голды «Рома» командасының ойыншысы Мохамед Салах соқты. Гана құрамасы бұл жеңілісіне қарамастан өз тобында екінші болды. Осы топта 1-1 есебімен тең ойнаған Уганда мен Мали құрамалары жарыс жолынан шығып қалды.

Сонымен, Африка ұлттар кубогының ширек финалында мына командалар ойнайды: <br />Буркина-Фасо — Тунис,<br />Сенегал — Камерун,<br />Конго ДР  — Гана <br />Мысыр — Марокко.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или