«Бавария» мен «Ювентус» Бенатианы керек қылмауда
«Ювентус» командасында жалда жүрген «Баварияның» қорғаушысы Мехди Бенатиа жазда өзіне жаңа команда іздей берсе болатын сияқты.
Себебі, 29 жасар мароккалық қорғаушыға «Бавария» сенім артып отырған жоқ. Ал «Ювентус» болса оны сатып алуға еш құлық танытпай отыр.
Бенатианың «Бавариямен» 2019-шы жылға дейін келісім шарты бар. Ол неміс клубына 2014-жылы «Ромадан» ауысып келген болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или