Энцо Перес «Севилья» ойыншысы атануы мүмкін
«Валенсия» клубының жартылай қорғаушысы Энцо Перес жақын күндері «Севилья» ойыншысы атануы мүмкін. Бұл ойыншыға «Севилья» бас бапкері Хорхе Сампаолидің өзі қызығушылық танытып отыр.
Сондай-ақ, Энцо Пересті Италияның бірнеше клубы өз қатарынан көргісі келеді.
Энцо Перес «Валенсия» клубына 2015-ші жылы келген болатын. Оған дейін аргентиналық біраз командалар мен португалиялық «Бенфика» клубында ойнаған.
Аргентина құрамасында 17 ойын өткізіп бір гол соққан. Соңғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или