«Қайратпен» бірге жиынға аттанған футболшылар тізімі
«Қайрат» ФК екінші оқу-жаттығу жиынына командамен бірге аттанған ойыншылардың тізімін жариялады.
24 қаңтарда «Қайрат» футбол клубы екінші оқу-жаттығуына аттанған болатын. Жиын 8 ақпанға дейін жалғасады. Осы ОЖЖ аясында төрт жолдастық кездесу өтпек. Қарсыластар да анықталып қойды – «ДАК» (Словакия), «Фастав Злин» (Чехия), «Славия» (Болгария) және «РНК Сплит» (Хорватия).
«Халық командасының» бас бапкері Кахабер Цхададзе мына футболшыларды шақырды:
Қақпашылар: Владимир Плотников, Стас Покатилов, Олег Грубов
Ойыншылар: Тимур Рудосельский, Ян Вороговский, Жарко Маркович, Исламбек Қуат, Михаил Бакаев, Исламхан Бауыржан, Исаэль Барбоза, Жерар Гоу, Ермек Қуантаев, Сезар Арзо, Бауыржан Тұрысбек, Әлібек Қасым, Мадияр Райымбек, Ғафуржан Сүйімбаев, Ділшат Мұсаев, Елдос Ахметов, Андрей Аршавин, Георгий Жуков, Айбол Абикен, Ойбек Балтабаев, Станислав Лунин, Максим Гладченко.