Рыпакова Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдегері атанды

Рыпакова Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдегері атанды

Халықаралық олимпиада комитеті ресейлік жеңіл атлет Татьяна Лебедеваны 2008 жылғы Бейжің Олимпиадасындағы қос күмісінен айырды.

Ресейлік атлеттің қанынан тыйым салынған туринабол табылды. Осылайша, Лебедеваның ұзындыққа секіру және үш қағандап секіру жарыстарынан алған күміс жүлделері қарсыластарына беріледі.

2008 жылы Бейжіңде қазақстандық Ольга Рыпакова үш қағандап секіруден қола медаль жеңіп алған болатын, сондықтан Лебедеваның «күміс» медалін Ольга алады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или