«Олд Траффордың» сыйымдылығын арттыру үшін қайта өңдеу жұмыстары жүргізілмек

«Олд Траффордың» сыйымдылығын арттыру үшін қайта өңдеу жұмыстары жүргізілмек

Жоспар бойынша, «Қызыл сойқандардың» аренасы қайта жөндеу жұмыстарынан кейін 88 мың жанкүйерді қабылдай алады, деп жазады  Dailymail.

Негізгі жұмыстар сэр Бобби Чарлтонның трибунасын үлкейту үшін жасалмақ. Ол жердің сиымдылығы 7,5 мың адамға артады деп күтілуде. 

Жалпы сыймдылық 76 мыңнан 88 мыңға дейін өсуі тиіс. Бұл Еуропадағы сыйымдылығы бойынша екінші стадион болмақ. Бірінші орында «Барселонаның» «Ноу Камп» стадионы тұр. Ол бір мезетте 99 354 жанкүйерді қабылдай алады.

Қазіргі күні екінші орынды мадридтық «Реалдың»  «Сантьяго Бернабеу» (58 454) стадионы ұстап тұр. 

Ұлттық құраманың ойындары өтетін  «Уэмбли» стадионының сиымдылығы -  90 мың көрерменге тең.  

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или