РФО президенті: «Аршавиннің әлем чемпионатына қатысқанын қалаймын»

РФО президенті: «Аршавиннің әлем чемпионатына қатысқанын қалаймын»

Ресей футбол одағының президенті Виталий Мутко алматылық «Қайраттың» ойыншысы Андрей Аршавиннің 2018 жылғы әлем чемпионатына қатысу мүмкіндігін бағамдады.

«Андрейдің 2018 жылы әлем чемпионатына қатысқанын қалар едім. Аршавин ресейлік футбол үшін көп нәрсе жасады, әлемдік біріншілікті өткізу мүмкіндігін алуымызға өз үлесін қосты. Бүгінде «Қайратта» тамаша ойнап, әдемі голдарымен қазақстандық жанкүйерлерді қуантып жүр. Онда құрамаға ілігуге мүмкіндік бар, бірақ бұл менің ғана пікірім. Құрамға қатысты мәселені Станислав Черчесов шешеді, мен араласпаймын», - деді Мутко.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или