«Арсеналдың» жұлдызы абақтыға қамалуы мүмкін

«Арсеналдың» жұлдызы абақтыға қамалуы мүмкін

Швейцариялық жартылай қорғаушы Джака нәсілдік балағаттау сөздерді аса қолданғаны үшін тергелді, деп хабарлайды The Telegraph басылымы.<br /><br />Дүйсенбі күні Лондон қаласының Хитроу әуежайында футболшы досы Леонард Лекайды шығарып салған. Әуежай қызметкерлері Джаканның досы ұшаққа отыру уақытынан кешікті деп, ұшаққа отыруына жол бермеген. Сол сәтте футболшының ызасы келіп әуежай қызметкерін нәсілдік сөзбен балағаттаған. Джака тұспалай келгенде «с.... ақ нәсілді қаншық тумасы» - деп өз ойын білдірген. Гранит Джака Швейцария құрамасына ойнағанымен, тегі косово-албаниялық. Клуб басшылығының айтуынша, жартылый қорғаушыны полицияда заң жүзінде тергеді және тергеу жұмыстары әлі күнге дейін жалғасуда.

 
ac18f0500386f6eccd36e2804c71c1d0.jpg
 Досы Леонардо Лекаймен түскен сурет.
 
e86f8434535dec4fe88478d8a61d93c1.jpg
 
 
Айта кетейік, Ұлыбританияның қылмыстық кодексі бойынша Джаканың бұл қылығы нәсілдік және діни қылмысқа жатады. Нақтырақ айтсақ, нәсілдік өшпенділікке ынталандыру болып табылады. Аталмыш қылмыс үшін швейцариялық футболшы үлкен көлемде айыппұл төлейді немесе бірнеше күнге тергеу изоляторына қамалуы мүмкін. Ал егерде жағдай ушықса, футболшы бірнеше айға абақтыға қамалуы да ықтимал.
 
Қоса кететін жайт, Леонард Лекай Джаканың досы әрі қызының ағасы. Былай айтқанда болашақ жездесі.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или