Жерар Деулофеу «Ювентусқа» қарсы ойында алаңға шығуы мүмкін

Жерар Деулофеу «Ювентусқа» қарсы ойында алаңға шығуы мүмкін

«Милан» клубының бас бапкері Винченцо Монтелла Жерар Деулофеуға көптен бері көз тігіп жүргендігін айтты.

Кеше миландық клуб 22 жасар «Эвертонның» ойыншысын маусым соңына дейін жалға алған болатын.

«Деулофеу – маған өте таныс ойыншы, себебі мен оны ұзақ уақыт бақыладым. Ол өте талантты, алайда, бар мүмкіндігін әлі көрсете алмауда. Мен осының себебін анықтауым керек. Жерар өте мықты ойыншы. Біз оны алаңға шығару үшін қатарымызға қостық. Сырт алаңда өткізетін «Ювентусқа» қарсы ойынға командамен бірге баратын болар »,- дейді клубтың бас бапкері Винченцо Монтелла.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или