Алжир құрамасы бас бапкерсіз қалды
Алжир құрамасының бас бапкері Жорж Лекенс қызметінен кетті.
Бельгиялық маман мұндай шешімді Африка Ұлттар Кубогіндегі сәтсіз ойыннан кейін қабылдаған. Африка Ұлттар Кубогі Алжир құрамасы үшін топтық кезеңнен кейін аяқталған болатын. Жарыстың басты фавориттерінің біріне баланған Алжир топтық кезеңдегі үш ойында екі рет тең ойнап бір рет ұтылып, топтан шыға алмай қалған.
Құраманың жаңа бас бапкері кім болары әзірге белгісіз. Жақын күндері Алжир футбол федерациясы жаңа бапкердің есімін айтатын болады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или