ҚПЛ клубтары «Штутгарттың» ойыншысына қызығушылық танытып отыр
Футбол агенті Хорен Калашян «Штутгарттың» украиналық жартылай қорғаушысы Борис Тащиге қазақстандық клубтардың қызығушылық танып отырғанын айтты.
«Бориса Тащидің келісімшартында басқа клубқа тегін кете алатыны жайлы бөлім бар. Тащиде көшбасшылық мінез бар. ҚПЛ-да ол сұрмергендер тізімінің үздік үштігінде бола алатынына сенімдіміз», - деп Калашянның сөзін ua-football.com жеткізді.
Тащи «Черноморецтің» түлегі. 23 жастағы футболшы «Говерлу», мәскеулік «Динамо», «Штутгартта» ойнап үлгерген. Осы маусымда екінші бундеслигада 5 ойын ғана өткізген. transfermarkt порталы ойыншыны 400 мың евроға бағалап отыр.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или