Бочаров пен Жалмұқан «Ақтөбеде» ойнағысы келмейді
«Ақтөбе» клубының бас директоры Мақсат Тюмалиев клубтың баспасөз қызметіне берген сұқпатында Никита Бочаров пен Дидар Жалмұқанның болашақтарын неліктен «Ақтөбе» клубымен байланыстыра алмайтындығын жеткізді.
Бочаров туралы
Никита Бочаров пен оның өкілімен болған алғашқы әңгімеде Никита командада қалғысы келмейтіндін айтты. Қазіргі уақытта қайтсек келісімшартты ұтымды бұзамыз деп әрекет жасап жатырмыз.
Жалмұқан туралы
Мен бірнеше рет Дидармен, оның агентімен, әкесімен сөйлестім. Олар облыстық спорт басқармасы өкілімен де кездесті. Тіпті оны облыс әкімінің орынбасары өзі қабылдаған еді. Бәрі оны райынан қайтарғысы келді. Дидар болса «Ақтөбенің» деңгейі менің мақсат-мұратыма сәйкес келмейді деп ашықтан-ашық айтып отыр. Ол өткен жылы құлдырап кеттім дейді және бұл өзінің сөзі. Мен әрине оның БАҚ беттеріне немесе «Ақтөбенің» ресми сайтына шығып, өз көзқарасын жайып салуды өтіндім. Мен Дидардың Ақтөбе футболына қаншалықты керек екендігін білемін ғой. Оның бізге, қазіргі бапкерлік штабқа немесе басшылыққа өкпесі жоқ, бірақ оның өткен маусымға реніші өкпе-назы бар. Менің ойымша, 20 жастағы жігітті ұстап қажет емес. Дидар клубымыздың түлегі бола тұра, «Ақтөбеде» құлдырап кеттім» дейтін болса, онда «Ақтөбеде» ойнауды армандайтын басқа жігіттерімізге мүмкіндік беру керек деп есептеймін. Кеудесіндегі төсбелгі үшін ойнауға дайын, көздерінде оты барларға. Дидардың келісімшартында келісімшартты бұзу жайлы бір тармақшалары бар, ол соны пайдаланып кетті. Бұл бұрынғы басшылықпен келісілген шаруа. Мені дұрыс түсініңіздер, әңгіме ақшада емес. Әңгіме Дидардың бізде ойнағысы келмейтіндігінде.