Қазақстан құрамасында ойнауға дайынмын - Гоу

Қазақстан құрамасында ойнауға дайынмын - Гоу

Алматылық «Қайрат» футбол клубының шабуылшысы Жерар Гоу Қазақстан құрамасында ойнауға дайын. Бұл туралы ол УЕФА сайтына берген сұxбатында мәлім етті. 27 жастағы ивуарлық футболшы 2014 жылдан бері Қазақстан Премьер-лигасында ойнап жүр. Екі жылда ол 70 кездесу өткізіп 56 гол соққан.

«Мен Қазақстанда екі жыл тұрып жатырмын, журналистер менің құрамаға ауысу туралы пікірімді жиі сұрайды. Мен дайынмын. Бірақ ол үшін көк паспортым болу керек, федерация өз ұсынысын жасасын», - деді Жерар Гоу. 

Айта кетейік, Жерар Гоу Кот-д'Ивуар құрамасында жоқ. Дегенмен, 23 жасқа дейінгі Олимпиада құрамасында бірнеше матч өткізді.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или