Еркебұлан Сейдахмет: «Болашақта бұдан да биік белестерді бағындырамыз»

Еркебұлан Сейдахмет: «Болашақта бұдан да биік белестерді бағындырамыз»
Гранаткин Мемориалының үздік шабуылшысы, Қазақстан ұлттық құрамасының (U-18) көшбасшысы Еркебұлан Сейдахмет Prosports.kz тілшісіне жарыс жайлы айтып берді.

- Мемориал сәтті өтті. Жарыстан үлкен тәжірибе жинап келдік. Үйде бізді жылы қарсы алғаны қуантты.

- Қандай қарсыласпен ойнау қиынға түсті?

- Барлық командамен ойын қиын болды. Бірінші орын иеленуге толық мүмкіндік болды. Өкінішке қарай, бір нәрсе жетіспеді. Қазір қателерді сараптау қажет. Менің ойымша, біздің құрама болашақта бұдан да биік белестерді бағындырады

- Санкт-Петербордағы жанкүйерлер қолдауын сезіндің бе?

- Ресейде жанкүйерлердің қолдауы сезілді, бізге жергілікті жанкүйелер қолдау көрсетті. Қазақстанда біз үшін алаңдаған жанкүйерлерге мың да бір алғыс. Ұлттық құрама сол қолдауды сезгендіктен жақсы өнер көрсетті деп ойлаймын.

4a104181b1879f97f85f08d98e2d3c35.jpg
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или