«Интер» жазда Перишичті сатуы мүмкін
«Интер» жазғы трансферлік терезе ашылған кезде Иван Перишичті сатуға келісуі мүмкін.
Gazzetta dello Sport-тың хабарлауынша миландық клуб ағылшындық клубтар тарапынан түсетін ұсыныстарды қарап көрмекші. АПЛ клубтары қатарынан Перишичті «Челси», «Ливерпуль» және «Манчестр Юнайтед» өз қатарына қосуға ынталы.
Иван Перишич 2015 жылы «Интерге» «Вольфсбургтан» 16 миллион еуроға ауысып келген болатын. Қазір ол үшін «Интер» кем дегенде 35 миллион еуро сұрап отыр.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или