«Ливерпульдың» бұрынғы қақпашысы «Астана» немесе «Ертіске» ауысуы мүмкін
Болгария құрамасы мен «Мерсиннің» қақпашысы Николай Михайлов мансабын Қазақстан чемпионатында жалғастыруы мүмкін.
«Болгария Днес» басылымының хабарлауынша, қақпашы қазіргі клубынан жалақысын кешіктіргені үшін кеткісі келетіні мәлім болды. Оның әкесі Борислав Михайлов ұлының «Астанаға» ауысуын қалайтынын айтқан. Сонымен қатар, олар Қазақстандағы басқа да ұсыныстарды қарастыруда. Футболшыны «Ертіс» пен «Қайсарға» ұсынған. Айта кетейік, бұл клубтарда болгариялық бапкерлер қызмет етеді.
Естеріңізге сала кетейін, Михайлов 2007-2010 жылдары «Ливерпульдың» ойыншысы болған. Англияда ойнау үшін рұқсат ала алмағандықтан, «Твентеге» жалға берілді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или