Букмекерлік кеңселер Кабананганы Африка кубогының үздік сұрмергені болуы мүмкін деп санайды
Букмекерлік кеңселер «Африка ұлттары кубогының үздік сұрмергені кім болады?» деген оқиғаға бәс қабылдауды бастады. Тізімге «Астана» мен Конго ДР құрамасының шабуылшысы Жуниор Кабананга да енген.
<br /> Айта кету қажет, турнирге дейін құраманың бас бапкері оны құрамнан алып тастаған болатын. Дегенмен, соңында шабуылшыға мүмкіндік беруді жөн санаған.
Букмекерлік кеңселер үздік сұрмерген атағына «Ливерпуль» мен Сенегалдың шабуылшысы Садио Мане (3,5) жән дортмундтық «Боруссия» мен Габонның шабуылшысы, Пьер-Эмерик Обамеянгты (4,5) басты үміткер деп санайды. Кабананга «Сток Ситидің» шабуылшысы Вильфрид Бонимен бірге үшінші сатыға орналасты. Оларға 11 коэффициент берілген.
<br /> Конго ДР топтық кезеңнің соңғы ойынын 24-ші қаңтар күні Тогоға қарсы өткізеді.