Уэйн Руни «Манчестер Юнайтед» тарихындағы үздік сұрмерген атанды
Шабуылшы Уэйн Руни «Манчестер Юнайтед» тарихындағы үздік сұрмерген атанды.
АПЛ-дың 21-ші турында Руни «Сток Сити» қақпасына қосалқы уақытта айып добын теуіп, есепті теңестірген болатын.
31 жастағы футболшы үшін бұл «Манчестер Юнайтед» жейдесіндегі 250-ші гол. Нәтижесінде Руни клубтың сұрмергендер тізімінде таза бірінші орынға шықты. Осыған дейін бұл тізімді Бобби Чарлтон бастап тұрған еді. Чарлтонның рекорды 70-ші жылдардан бері бұзылмаған болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или