Балотелли: «Францияда расизмге рұқсат етілген бе?»
«Ниццаның» шабуылшысы Марио Балотелли Франция чемпионатының 21-ші турындағы «Бастияның» жанкүйерлерінің қылығына көңілі толмайтынын білдірді.
«Менде франциялықтарға сұрақ бар. «Бастия» жанкүйерлерінің матч бойы маймылдың дауысын келтіргені және осыған тәртіптік комиссияның көңіл аудармағаны дұрыс па?
Францияда расизм рұқсат етілген бе?
Футбол – ерекше ойын. Бірақ осындай жанкүйерлер оның сыйын кетіреді. Масқара! – деп жазды Балотелли Instagram желісіндегі парақшасында.
Дереккөз: Prosports.kz
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или