Абрамович Ресей құрамаларын қаржыландыруға көмектеседі

Абрамович Ресей құрамаларын қаржыландыруға көмектеседі

«Челси» клубының иесі, миллиардер Роман Абрамович Ресей футбол одағына қаржыландыру мәселесі бойынша көмек көрсетеді.

«Спорт-Экспресс» басылымының хабарлауынша,  Абрамович 1999-2002 жылы туылған ойыншылардан құралған Ресейдің төрт жасөспірімдер құрамасына қаржы бөлуге келіскен.

Айта кету керек, бұл жоба әлі жасақталып жатыр. Абрамович ұлттық құраманы қаржыландырмайтыны белгілі болды. РФО ұлттық құрамаға қажетті қаржыны өзі шығарады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или